Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

photo_109904

Синоптиктер 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, батыс циклон жырасы және атмосфералық фронталь бөлімдер әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

«Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанған. 18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – бұрқасын болжанады», — делінген хабараламада.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *