МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ СЕРПІЛІС ҚАЖЕТ

Мемлекеттік басқару жүйесіне 1

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында ашық көрсетілгендей, жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды.

Иә, ел басшысы бұл тұжырымды босқа айтпаса керек. Бізге Жаңа Қазақстанды құру кезеңінде мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижесін жақсартып, жауапкершілігін арттырған жөн, онсыз билік пен қараша халықтың арасы алшақтай түсетіні ақиқат. Оның соңы, сөз жоқ,  сан соқтырар келеңсіз жағдайларға апарады. Сол себепті, бізге сапалық тұрғыдан іріктеуден өткен, кәсіби мамандар ауадай қажет.

Осы ретте, сәрсенбі күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігінің тиісті бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерінің қатысуымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі нормаларын қолдану тәртібі бойынша әдістемелік көмек көрсету семинары болып өтті.

«Халыққа қызмет көрсету ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі» арқылы анықталған мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтерге талдау,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің өзекті мәселелер бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, қарау және оларға талдау жүргізу мәселелері де күн тәртібіне енгізілген жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Нәрікбаев, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков, Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғалия Боранбаева,  облыс әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Молдашев, аталған аппараттың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің бас инспекторы Диана Искакова, облыс әкімі аппаратының заң қызметінің бас инспекторы Қарашаш Әубәкірова, облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Айдар Тажиков, облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Алмас Тулеубаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Жанаділ Құрбанов, «ҰАТ» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдігінің қызметкері Ғабит Құдайқұлов қатысып, жоғарыда аталған мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берді.

Мемлекеттік басқару жүйесіне 2 сурет

Ол ақпараттарға сүйенсек, ҚР Президентінің 2010 жылғы 19-наурыздағы №954 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы бойынша Агенттік тарапынан бағаланса, ҚР Президенті Әкімшілігі тарапынан өңірлер арасында рейтинг қалыптастырылады екен.

Семинар кезінде жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар өздерінің салалары бойынша баяндама жасап, көпшіліктің сұрақ-сауалдарына жауап берді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Нәрікбаев семинарға қатысушыларды мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимыл саласын одан әрі жетілдіру, азаматтардың сұраныстарына дұрыс және объективті жауап беру, көрсетілетін қызметтерді сапалы ұсыну барысында жанды жұмыс атқаруға шақырып, түсіндірме жұмыстары үшін облыстық қонақтарға алғыс айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *