ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ ЗИЯНЫ

темекі шегу зиян

Темекі түтінің құрамындағы улы заттар ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттар үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар, темекі түтінінде синилдік қышқыл, конерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі ағзаларға жағымсыз әсерін тигізеді.

Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда, тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады. Ағза мүшелерінің жұмысын бұзады. Салқын тер шығып, құсықты тудырады, адам өңі бозарып кетеді. Ғалымдардың зерттеуінше, бір тал шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады екен. Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден адреналин және норадреналин деп танылатын гормандардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запран) артады. Адамның тыныс алуы жеделдейді. Жүрек соғуы жиілеп, оның (шамадан тыс) қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы жоғарылайды. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі мүмкін.

Темекі тастағандағы пайдаңызға келейік. Ең әуелі, ағзаңызды көміртегі тотығы, никотин, шәйір (қарамай) және басқа да улы зиянды заттардан тазартасыз. Деміңіздің сасық иісінен арылып, ауыз қуыстары тазаланады. Рахат тыныс алатын боласыз. Жүрек ауруларынан қаупіңіз азайып, түнде жайлы ұйықтайсыз. Дәм айыру қабілетіңіз артады. Әртүрлі тағам түрлерінің соншалықты тәтті екенін бұрын білмей келгеніңізге таң қалатын боласыз. Ортаны, отбасыңызды, жолдастарыңызды темекі түтінімен уламайсыз. Өзіне де, өзгеге де жақсылық ойлайтын адам темекіден тезірек құтылуды ойлайтыны анық.

Г.СУЛЕЙМЕНОВА,

Меркі аудандық  санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

 басқармасының жетекші

 маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *