«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

мектепке жол

Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы бірдей көтере бермейтіндігі рас. Ал, жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алады?!

Жыл сайын дәстүрге айналып, «Жақсылық жаса» ұранымен өткізіліп жүрген «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл да жалғасын тауып, өткізілуде. Мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі іс-шараға Қабылбек Сарымолдаев атындағы №12 жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымы да атсалысуда.

Ендеше, жүрегі жұмсақ, жаны жайсаң, көмек қолын созуға дайын тұратын, жомарт, қайырымды жандарды 2023 жылдың 1-тамызы мен 30-қыркүйегі аралығында өткізіліп жатқан «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясына белсене қатысуға шақырамыз!

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.

Қамқорлық таныту – белгілі бір тәртіпті немесе күнтізбедегі белгілі бір күнді талап ететін іс емес екені сөзсіз. Сондықтан, игілікті іс-шара жасаудан алда болайық, ағайын!

К.ШАБИКОВА,

Қ.Сарымолдаев атындағы

 №12 жалпы орта білім беретін

мектебінің әлеуметтік педагогы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *