ОТҚА АБАЙ БОЛАЙЫҚ!

от

Адамға, тіршілікке зор қауіп төндіретін тілсіз жаудың бірі – өрт. Айтып келмейтін материалдық шығынды жоятын ықтималы мол бұл «тілсіз жауға» қашанда дайын болуымыз, ол бола қалған жағдайда, оны сөндіруге жедел кірісуіміз керек. Мұндай жеделдік ықтимал шығынды едәуір азайтқан болар еді.

Өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегінің арқасында басқа жерлердегідей сияқты біздің ауданымызда да талай ауыр өрттер сөндіріліп келеді. Әрине, өртті сөндіруден гөрі оның алдын-ала білу, сақтандыру шараларын жасаудың пайдасы зор. Сондықтан, қазіргі таңда Меркі аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінің қызметкерлері әр үйлерді аралап, күзгі, қысқы от жағатын кезеңде пештердің және басқа да жылыту құралдары ақауының салдарынан орны толмас өкінішке айналып жататынын, сондықтан да, осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз.

Төмендегілерді орындаған жөн:

– Пешті жағатын алдында жөнделіп және тексерілуі қажет;

– Түтін шығатын мұржалар мен пештерді от жағардан бұрын және от жағу мерзімі аяқталғанға дейін үш айда бір рет тазалап отыру қажет;

– Пештің от жағар қақпағының түбіндегі еденге өлшемі 50х70 см болатын металл қаңылтыр орнату керек;

– Түтін өтетін арналар мен мұржалардың қабырғаларының сылақтары бұзылған жағдайда тез арада қалпына келтіру шаралары қарастырылуы керек.

 

Өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары

 

Тәжірибе көрсеткендей жағушылар да және өкінішке орай, зардап шегушілер де, әдетте, мектепке дейінге және кіші сынып оқушылары жасындағы бүлдіршіндер болып табылады.

Қауіптілікті балай алмайтын олар, үлкендерге еліктеп, қолдарына сіріңке, оттық алып, электр құралдарын қосады, пеш, алау жағуға талпынады.  Кейде қаперсіз ата-аналар балаларының мұндай іс-әрекеттерін өздері қолдайды. Балалар отқа кәдімгі қауіпсіз нәрсе ретінде қарап үйренеді. Құрметті ата-аналар! Балалардың сіріңкемен ойнауын және құрылыстардың жанында алау жақпауын қатаң қадағалаңыздар. Кейде балаға қарау өте қиын болады, сондықтан, сіріңкелерді баланың қолы жетпейтін жерге қойыңыздар, үйдегі шатыр асты бөлме мен жертөлені ашық тастамаңыздар. Егер біз барлығымыз бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайтын болсақ және оған балаларымызды үйретсек, онда біздің ауданымызда өрттер саны едәуір азаяр еді. Мектептің, отбасының және өртке қарсы қызметтің тек бірегей      іс-әрекеттерімен ғана оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Оқшаулаудың күйген иісі, электр сымдарының, розеткаларының қатты қызу және олардың күюі, электр есептегіштегі тежегіштердің үнемі күйіп немесе ажырап кетуі – үйдегі электр жүйенің шамадан тыс жүктелуінің және электр жылытқышын пайдалану қауіпті екенінің бірінші белгісі. Электр жылытқыштарды жанғыш заттармен жабуға немесе бүркеуге, олардың үстіне кір кептіруге, оларды заттар мен материалдардың жанына орналастыруға болмайды. Қосылған құралдарды үнемі бақылау қажет, үйден кеткен кезде оларды міндетті түрде өшіру керек.

                                             Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі және

№9 Өрт сөндіру бөлімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *